Елордада қала әкімі мен Қазақстан Президентінің Жаңажылдық шыршаларына 500-ге жуық бала қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада қала әкімі мен Қазақстан Президентінің Жаңажылдық шыршаларына 500-ге жуық бала қатысады

Елордада қала әкімі мен Қазақстан Президентінің Жаңажылдық шыршаларына 500-ге жуық бала қатысады

Елорданың дарынды және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 500-ге жуық баласы қала әкімі мен Қазақстан Президентінің Жаңажылдық шыршаларына қатысады.

  • 22 Желтоқсан 2010
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.

Ата-ананың аяулы алақанынан айырылған балалар үшін ҚР Президентінің Жаңажылдық шыршасы елордада 24 желтоқсан күні «Думан» ойын-сауық кешенінде өтеді. Оған «SOS» қалашығынан, кәмелетке толмағандарға арналған жетімханадан, балалар үйлері мен орта мектептерден 9-13 жас аралығындағы барлығы 150 бала қатысады.

Еске салайық, 2009 жылға дейін «президенттік шыршалар» Елбасының тікелей өзінің қатысуымен Алматыда немесе Астанада ұйымдастырылып келді. Ал былтырдан бастап жаңа дәстүр қалыптасты. Мерекелік іс-шара барлық өңірлерде (әр облыста 150 баладан) бір күнде, бір уақытта ұйымдастырылады да, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев балаларды бейнежелі арқылы құттықтайды.

Мерекелік бағдарлама әдеттегідей, әсерлі театрландырылған қойылымдарға, ойындар және ән мен биге толы болады. Шыршаға қатысқан әр бала Аяз ата мен Ақшақардан сыйлыққа ноутбук, жұмсақ ойыншықтар мен «тәттіге» толы қалталар алады.

Сондай-ақ елордада 25 желтоқсан күні М.Өтесімұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана әкімінің атынан жетім және дарынды балаларға арналған жаңажылдық кештер өтеді. Оған қатысатын 300 балаға электронды сағаттар мен «тәттілер» тарту етілмек.

Перейти к новостям спорта