Жарияланды: 440

Елордада «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта іс-шара өткізіледі

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 2011 жылғы 8 маусым күні «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізеді.

Іс-шара Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 үй (бұрынғы Ломоносов көшесі, 45-үй) мекен-жайында өткізіледі. 1-бөлімде жалпы журналист қызметіндегі Интернеттің маңызы мен қазақша интернеттің мәселелері талқыланбақшы. 2-бөлімде блог ашу, «Фейсбук», «Твиттер» әлеуметтік желілерінде тіркелу және оларды пайдалану нақты іс жүзінде көрсетуге арналған семинар-тренинг өткізілмекші. Екі бөлім арасында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми талқылаулар болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін