Кәрістердің мәдени орталығында ұйымдастырылатын бұл шара барысында олардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрінен және тарихынан кеңінен мағлұмат алуға болады.
Айта кетейік, ертең елордадағы М. Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстан кәрістері қауымдастығының XII съезі өтеді деп күтілуде. Онда аталған ұйымның жаңа президенті сайланбақ.
Бұл алқалы жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам делегат қатысады. Айта кетейік, жиынға Қазақстандағы Корея Республикасының елшісі Пэк Чухен мен Өзбекстандағы кәрістер мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы Виктор Пак келетін болады. Салтанатты жиыннан кейін кәріс әндерінің республикалық фестивалінің гала-концерті ұйымдастырылмақ. Онда еліміздің өңірлерінен келген әртістер өнерлерін ортаға салады.