Елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалі басталды

Елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалі басталды

Бүгін елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ қалалық фестивалі өз жұмысын бастады. Ұлы Абайдың туған күнімен орайластырылған шара Ақынның елордадағы ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етуден басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 23 Тамыз 2010
  • 580
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін өткізу науқандық жұмыс емес. Басқарма тілдерге, әсіресе мемлекеттік тілге қатысты мәселенің ешқайсысына бей-жай қараған емес. Ал тілдер фестивалі біздің ғана емес, қаламыздағы барлық басқармалардың, мекемелердің, қала берді әрбір азаматтың мемлекеттік тіл туралы есеп беру айлығы болуы тиіс», — деді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы. Оның айтуынша, жылдағы дәстүр бойынша фестиваль аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте» атты конкурс, мектепке дейінгі балалар арасында «Кел балалар оқылық!» атты балалар мерекесін өткізу көзделеді. Ал «Тағзым мен тағылым» атты шара барысында Бауыржан Момышұлы, Жәнібек пен Керей хан, Кенесары ескерткіштері алдында кештер ұйымдастырылып, бабалар рухына тағзым жасалады. Бұдан бөлек, биылғы фестивальдің ерекшелігі «Тілі бірдің-тілегі бір» атты қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің республикалық жастар форумын өткізу көзделген.