Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Әлем қауымдастығына әйгілі Қазақстан» атты фотокөрме таныстырылды.

  • 4 Наурыз 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті Алмаз Нұразханның айтуынша, көрмеде 200-ге жуық фотосурет көпшіліктің назарына ұсынылып отыр. Атап айтқанда, онда 8 фотосуретшінің үздік еңбектері қойылды. «Бүгін Астанадағы жұртшылыққа таныстырылғаннан кейін фотосуреттер көрмесі жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін аралап шығады»,-деді қор басшысы.

Айта кетейік, көрме «Елін сүйген Елбасы», «Ұлттың ұлы мәдениеті», «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан», «Жер-жаһан жанарындағы Қазақстан», «Қазақстанның таңғажайып табиғаты» атты тақырыптарды қамтып отыр.