Оған «Қазақстан авторлары қоғамы», «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы», «Демеу» продюсерлер мен орындаушылар одағы», «Қазақ әуендерінің орындаушылары», «Абырой» авторлық қоғамы», «Авторлар әндерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысады.
Баспасөз мәслихаты жоғарыда аталған ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіне, авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың сыйақысын жинау, бөлу және төлеу мәселелеріне арналады.