Елордада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

Елордада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

2013 жылғы 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Астана, Алматы, Тараз,

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 411
Фото - Caravan.kz

Шымкент қалаларында Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлады.

«2013 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласында сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қырғызстан мен Қазақстанның Халық жазушысы Шыңғыс Айитматовтың 85 жылдығына арналған Қырғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы болады»,- делінген ақпаратта. 

21-27 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Таулар құлағанда» атты қазіргі заманғы қырғыз суретшілері еңбектерінің көрмесі өтеді, онда келушілердің назарына кескіндеме, графика, шағын пластика және декоративтік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылады.

22 қыркүйекте Астана қаласының ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қырғызстан мен Қазақстанның зиялы қауым өкілдері кездеседі.


Бұдан басқа, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында бір ай бойы Қырғызстан театрларының және мемлекеттік филармонияның гастрольдері өтеді. «Еуразия-2013» халықаралық кинофестивалі аясында қырғыз киносының апталығы ұйымдастырылады.

Қырғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы 21 қазанда Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады.

Перейти к новостям спорта