Бұл туралы елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Бәсекелерге қаланың ең мықты садақ атушылары қатысуда, солардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Ли бар. Турнир нәтижесі бойынша Астана қаласының құрамасы жасақталатын болады. Құрамаға ерлер және әйелдер командаларын қоса алғанда барлығы 27 спортшы енеді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, аталмыш спорт түрі елорда жастары арасында танымалдылыққа ие бола бастады. Мәселен, үстіміздегі жылы садақ атуды үйрену топтарына жазылғандардың саны 52 адамды құрады. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда аса жоғары. Бүгінгі күні Астанадағы №9-шы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 72 спортшы жаттығады. Олар қалалық және республикалық дәрежедегі ірі жарыстарда жетістікті нәтижелер көрсетіп жүр.
Жарыс жеңімпаздары бүгін кешқұрым белгілі болады.