Елордада салынып жатқан опера театрының ғимаратынан құлап кеткен құрылысшы ауруханаға жеткізілді - ТЖМ
Бүгін түнде елорданың сол жағалауында салынып жатқан опера театрының ғимаратынан құрылысшы құлап кетіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Ведомствоның атап өтуінше, қаланың сол жағалауындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына қарсы бетте салынып жатқан жаңа опера театры ғимаратының құрылыс жұмыстары барысында 5 метрлік биіктіктен «Макоконтракшен» ЖШС-нің 55 жастағы жұмысшысы құлап, ауруханаға жеткізілген. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін