Елордада саяжайлар орнына аурухана салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада саяжайлар орнына аурухана салынады

Елордада саяжайлар орнына аурухана салынады

Жаңа аурухана 600 орынға есептелген. Оны түркиялық инвестор салады.

  • 8 Қазан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданы дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте қазіргі теміржол ауруханасының қатты ескіргенін айтты. Қала басшысы ғимарат апатты жағдай алдында тұрғанын атап өтті.

"Шешілмеген мәселелер бар. Қазіргі таңда біздің негізгі мәселеміз — 1959 жылы салынған, ескірген орталық теміржол ауруханасы. Оның корпусы апатты жағдай алдында тұр, жабдықтарының 45% тозған. Біз түркиялық инвестормен үкіметтік деңгейде кездестік. Ол өз қаржысына салуға шешім қабылдады", — деді Алтай Көлгінов.



Қала әкімінің айтуынша, нысан ескі саяжайлардың орнына салынады.

"Біз саяжайлар орналасқан жер учаскесін анықтадық. Оларды сүреміз. Біз келесі жылы инвестор үшін территория дайындаймыз. Ол салуға дайын. Бұл бізге 600 орынның мәселесін шешіп береді", — деді әкім.

Соңғы жаңалықтар