Елордада «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасы өтеді

Елордада «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасы өтеді

Ертең «Шабыт» шығармашылық сарайында «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді,

  • 13 Желтоқсан 2011
  • 680
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«14 желтоқсан күні «Шабыт» шығармашылық сарайында «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Жоба авторы — ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, сценарий авторы — профессор Г.Үкетайқызы, музыка авторы — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков. Қоюшы режиссерлары — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбаев пен Бекболат Құрманғожаев», — делінген хабарламада.

Мюзиклдің премьерасына мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, ұлттық компаниялардың өкілдері, елімізге танымал әртістер мен музыканттар және шетелдік қонақтар қатысады.

Перейти к новостям спорта