Елордада шетелдегі қазақ қаламгерлерінің кітаптары таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада шетелдегі қазақ қаламгерлерінің кітаптары таныстырылды

Елордада шетелдегі қазақ қаламгерлерінің кітаптары таныстырылды

 Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінде шетелдегі қазақ қаламгерлерінің кітаптары таныстырылд

  • 15 Қараша 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Сіздер біздің шетелде тұрып жатқан бауырларымызсыздар. Жат жұртта тұрсаңыздарда біздің халқымыздың мәдени мұрасын ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келесіздер. Біздерде жастар үшін мұндай іс-шаралар жеткілікті бола бермейді. Өз Отанында тұрып жатқанына қарамастан ана тілін ұмытқан жастардың да бар екендігі рас. Сондықтан да бүгінгі сіздердің кітаптарыңыздың тұсаукесері оларға сабақ болсын», — деді аталған университеттің проректоры Жайнагүл Құсайынова.


Айта кетерлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қаржысы есебінен қазақ тілінде қалам тартатын, бүгінде шетелде тұратын 12 танымал қаламгердің шамамен 60 кітабы жарық көрді. Олардың қатарында Қажығұмар Шабданұлының 6 томдығы, Үзбен Құрманбайұлының «Мәңгілік ел» кітабы бар.

Перейти к новостям спорта