Жарияланды: 270

Елордада соңғы төрт айда мыңнан аса жаңа кәсіпорын ашылды

2012 жылдың IV тоқсанында елордада 1010 жаңа кәсіпорын мен ұйым пайда болды. Олардың 94,2 пайызы жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаментінен хабарланды. Жаңадан құрылған кәсіпорындардың көпшілігі (32%) сауда саласы мен құрылысқа (19%) қатысты болып отыр. Ал ғылым мен техникалық қызмет бағытындағылары - 12 пайыз. Әкімшілік және көмекші қызмет саласымен, көлік және қоймада сақтау жұмыстарымен айналысатындар үлесіне 5 пайыз, өнеркәсіп, қоғамдық ұйымдар мен қорлар, ақпарат пен байланыстың үлесіне 4 пайызы тиіп отыр. Қаладағы білім беру мен денсаулық сақтаудағы жаңа ұйымдар 3 пайызды иемденсе, қаржы саласы мен тамақтандыру, қонақ үй, өнер және ойын-сауықпен демалысқа 1 пайыздан келеді. Бұдан бөлек, 2012 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалардың арасында басшылар ер адам 66,1 пайызды, әйелдер 33,9 пайызды құраған. Еске сала кететін жайт, сәулет-жобалау ғимараты немесе СЖҒ-ға нақты жер телімінде (алаң, күрежол) орналасқан параметрлер негізінде кешенді талаптар қойылады. Олар Астана қаласы Бас Жоспарының қала құрылысы регламенттеріне сәйкес бекітілген жобалау мен құрылыс салауға міндетті талаптар болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін