Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаментінен хабарланды.
Жаңадан құрылған кәсіпорындардың көпшілігі (32%) сауда саласы мен құрылысқа (19%) қатысты болып отыр. Ал ғылым мен техникалық қызмет бағытындағылары — 12 пайыз. Әкімшілік және көмекші қызмет саласымен, көлік және қоймада сақтау жұмыстарымен айналысатындар үлесіне 5 пайыз, өнеркәсіп, қоғамдық ұйымдар мен қорлар, ақпарат пен байланыстың үлесіне 4 пайызы тиіп отыр. Қаладағы білім беру мен денсаулық сақтаудағы жаңа ұйымдар 3 пайызды иемденсе, қаржы саласы мен тамақтандыру, қонақ үй, өнер және ойын-сауықпен демалысқа 1 пайыздан келеді.
Бұдан бөлек, 2012 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалардың арасында басшылар ер адам 66,1 пайызды, әйелдер 33,9 пайызды құраған.
Еске сала кететін жайт, сәулет-жобалау ғимараты немесе СЖҒ-ға нақты жер телімінде (алаң, күрежол) орналасқан параметрлер негізінде кешенді талаптар қойылады. Олар Астана қаласы Бас Жоспарының қала құрылысы регламенттеріне сәйкес бекітілген жобалау мен құрылыс салауға міндетті талаптар болып табылады.