Елордада сот шешімімін 2 ай бұрын жабылған көтерме базар жұмысын тоқтатар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада сот шешімімін 2 ай бұрын жабылған көтерме базар жұмысын тоқтатар емес

Елордада сот шешімімін 2 ай бұрын жабылған көтерме базар жұмысын тоқтатар емес

Астанада осыдан екі ай бұрын жабылуы тиіс көтерме базар жұмысын тоқтатпай отыр. Елордалық эпидимиологтар сауда нүктесін тексеріп жағасын ұстаған. Өйткені антисанитарияны айтпағанда, базар тышқан мен түрлі кеміргештердің ордасына айналыпты. Осы өрескел заңсыздықтарды тізіп СЭС мамандары сотқа жүгінген. Олар да көтерме базардың қызметін тоқтату туралы шешім шығарып берген. Құжат заңды күшіне енсе де жеміс-жидек пен көкөніс ашық аспан астында әлі сатылып жатыр.

  • 26 Қазан 2012
  • 443
Фото - Caravan.kz

Астана шетіндегі бұл көтерме базардың есігіне 4 қыркүйекте қара құлып салынуы керек еді. Арада екі ай өтті, базар басшылығы сот шешіміне пысқырып та отырған жоқ. Сондықтан жабылмақ түгілі табысты жұмысын алаңсыз жалғастыруда. Ал бұл жерді сауда-саттық орны деп айтуға ауыз бармайды. Ашық аспан астында жеміс-жидектер мен көкөністер саудалануда. Қара суықта тіпті сәбіздер үсіп кеткен. Ащы бұрыш аяқ астында шашылып жатыр.

Түсірмеңдер!  Рұқсатсыз түсіруге болмайды!!

Бұл тілшілерді байқапкамераға жармасқан күзетшілер.Арнайы киімі жоқ еңгезердей жігіттер біразға дейін салғаласты.

Сөйлей беретінің не? Апарсайшы. Сөйлемесей сен де. Сенің тілші екеніңді білемін.

Базар әкімшілігіне барғанымызбен директоры орнында болмады. Көмекшілерінің кейін өзі хабарласады дегені өтірік боп шықты. Ал базардағы көрініс шынымен жаға ұстатарлық. Иін тірескен жүк көліктерінен шыққан көк түтінді айтпағанда санитарлық жағдайы сын көтермейді. Аумағы абаттандырылмаған, күл-қоқыс, одан қалды су желісі тартылмаған. Кәріз құбыры да қарастырылмапты. СЭС мамандары бұл жерден алынған өнім адам өміріне қауіпті дейді.

Федор Пеев, Астана қалалық СЭҚД директорының орынбасары:

— Жазда бұл базар шыбын шіркей мен егеуқұйрықтардың ордасына айналады. Бұл жәндіктер жұқпалы аурулардың қоздырғышы екенін ескерсек, тұрғындар қатерлі кесел жұқтырып алуы мүмкін. Тексеру кезінде сатушылардың медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтамасы да болмай шықты. Ал базар әкімшілігі осының бәріне көз жұма қарап отыр.

Осы заңсыздықтардың барлығын жіпке тізіп, эпидемиологтар базар әкімшілігін сотқа берген. Бірақ кімге арқа сүйеп отырғанын кім білсін жеке серіктестіктің бірде-бір өкілі отырысқа қатыспапты. Сондықтан іске төрағалық еткен судья сырттай шешім шығаруға мәжбүр болған.


Берік Сәтбаев, Астана қалалық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы:

Материалдарды қарап соңында істі қалалық СЭС-тің пайдасына шештік. Барлық кемшіліктер жойылмайынша базардың қызметін тоқтату жөнінде шешім шығарылды. Ал «Шарын» серіктестігіне айыппұл салынды.

Салынған айыпұлдың көлемі 48 540 теңге. Базарды жабу туралы шешімді жүзеге асыру сот орындаушыларына жүктелген. Әйтсе де құжат бойынша әлі ашылмаған базардың есігіне қара құлып салуға құзырлы органдардың дәрмені жетер емес. Ал көтерме сауда нүктесі Елорданың басқа базарларын көкөніспен қамтып отырғанын ескерсек, ахуал алаңдатарлық.

Соңғы жаңалықтар