Көрмеге 1985-2013 жылдары салынған 30 астам картина қойылған. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысы көрсетілген этнографиялық сипаттағы картиналар ерекше қызығушылық тудырады: «Мейірім», «Құрт жайған келіншектер», «Ши», «Көкпар», «Қобыз сараны», «Мешіт»; «Әкем» портреті және «Автопортрет»; «Шырын, «Терезе алдындағы гүл», «Қыр гүлі» натюрморттары. Сонымен қатар, туған өлкенің табиғаты, «Күз», «Балықшы», «Арал қасіреті», «Астықты алқан», «Мұнайлы — өлке» және басқа да пейзаждар.
Жанұзақ Мүсәпірдің «Туған жер бояулары» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуында оқырмандардың кең ауқымына арналған «Қара шаңырағым» кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл балалар мен ата-аналардың арасындағы өзара қарым-қатынас, үлкендерге құрмет көрсету және т.б. тәрбиелік манығасы мол бірнеше ұрпақтың өмірі туралы отбасылық роман.
Жанұзақ Мүсәпір Керімбекұлы қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге қатысқан, бірнеше жеке көрмесін өткізген. Оның картиналары Астана қаласы Назарбаев орталығында, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының көркемөнер мұражайларында, Ақмола облысы тарихи-өлкетану мұражайында (Көкшетау), Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай, Польша және басқа да елдерде жеке коллекцияларда бар. Суретші түрлі жанрдағы жүзден астам картина салған.