«Патрисия көрермендер назарына әйгілі француз орындаушысын еске алуға арналған «Каас поет Пиаф» атты думанын ұсынады. Бағдарламаға тыңдармандар сүйіп тыңдайтын Padam-Padam, Je T'ai Dans La Peau әндері, сонымен қатар, орыс тіліндегі «Ты не позвонишь», «Мне нравится, что Вы больны не мной» және т.б. композициялар енген», — делінген хабарламада.
Патрисия Каас — француз әншісі және актриса, әлемдік эстрада жұлдызы, «World Music Awards» наградасының иегері, Францияның үздік дауысы.
Еске салайық, концерт Францияның Қазақстандағы жылы аясында 30 қарашада сағат 18.00 «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.