Елордада Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ елі» атты кітап көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ елі» атты кітап көрмесі ашылды

Елордада Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ елі» атты кітап көрмесі ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында еліміздің Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ елі» атты кітап көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

  • 18 Қараша 2010
  • 1650
Фото - Caravan.kz

«Біз кітапхананың иелігіндегі барлық қорды шығарып, келушілердің назарына ұсынуға тырыстық. Олар — еліміздің мемлекет болып нығаюы кезеңімен, еліміздің тарихымен, Қазақстан халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты кітаптар», — дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Жанна Шаймұхамбетова.

Көрменің негізгі идеясы — қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету.

«Ғасырлар қойнауындағы тарих жаңғырығы», «Қазақстан табиғатының әлемі», «Халықтарды ұйыстырған ұлы ел», «Мәдениет — халықтың парасаты мен рухы» деген бөлімдерден тұратын көрменің ашылу рәсіміне Астана қаласының шығармашылық өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Перейти к новостям спорта