Елордада туристік ықшам аудан пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада туристік ықшам аудан пайда болады

Елордада туристік ықшам аудан пайда болады

Елордада көпфункционалды туристік ауданның құрылысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен «Ellington Properties Development LLC» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томас талқылады.

  • 29 Қазан 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz


Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, компания АХҚО-да тіркелген.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Аумақта демалыс орталықтарын, жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын – сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. Демек, қалада туристік орам пайда болады. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Іске асыру мерзімі- 5-6 жыл. Компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.

 

Соңғы жаңалықтар