Айта кетейік, Астана ТМД және түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы орайда «Астана-түркі мәдениетінің астанасы 2012» жылын өткізу жөніндегі шаралар жоспары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті биылғы 27 тамыз және 5 қыркүйек аралығында «Жаңа мыңжылдықтың жаңа Астанасы» атты түркітілдес елдер фотосуретшілерінің кездесуін өткізуде. Осының аясында бүгін есеп беру көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде түркітілдес елдерден қатысқан 20-дан астам фотосуретшінің туындылары қойылды.
«Осында Астананың заманауи қалпы пен дамуын жаңғырту, сонымен қатар қаланың халықаралық іскер және мәдени орталық ретінде қалыптасу үрдісі фототуындылар арқылы көрсетіледі»,-дейді ұйымдастырушылар.