Аталған шараның мақсаты жастар мәдениетін қолдау және дамыту, жастардың өзіндік дарынын жетілдіруге жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың мәдениетті бос уақытын ұйымдастыру, граффити өнері арқылы жастарға өзіндік шығармашылық жетістікке жету үшін заңды мүмкіндік беру.
Байқауға елордалық ЖОО және орта білім беру мекемелері, мектеп оқушылары, би студиялары қатысады. Байқау би рингі түрінде командаларға түрлі тапсырмалар беріліп, «Заманауи көше билері» стилінде өтеді.
Граффитистер байқауына, өз күштерімен әрекет ететін тәжірибелі, өнерпаз суретшілер қатысады. Аталған өнер саласында жүрген, білікті мамандар әділқазы болып, қатысушыларды бақылап, бағалайды. Жеңімпаз атанған команда кубокка ие болып, бағалы сыйлықтарға қол жеткізеді. Байқауға қатысқан барлық командалар алғысхаттармен және грамоталармен марапатталады.