Елордада жаңа жылдық шаңғы жарысы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада жаңа жылдық шаңғы жарысы өткізіледі

Елордада жаңа жылдық шаңғы жарысы өткізіледі

Елордада жаңа жылдық шаңғы жарысы өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

  • 22 Желтоқсан 2010
  • 462
Фото - Caravan.kz

Шаңғы спортының дәстүрлері елордада өз орнын алуда. Қаланың спорт басшылығы шаңғы тебуді қала тұрғындар арасында сүйікті демалыс түрлерінің бірі ретінде таныту мақсатында түрлі бұқаралық іс-шараларды өткізіп отыр. Олардың ішінде ең белгілі шараларға жылдың басында өткізілетін «Бұрқасын» шаңғы спорты фестивалі мен жаңа жылдың қарсаңындағы шаңғы жарысы бар.

30 желтоқсан күні Астана қаласының шаңғы-роллерлік тас жолында (Астаналық саябағы) елорда тұрғындары мен қонақтарының әрқайсысы қатыса алатын Жаңа жылдық дәстүрлі шаңғы жарысы өтпек.

Жарыс 1990 жылы туылған және одан да үлкен ересектер мен әйелдер арасында, 1991-1992, 1993-1996 жылғы жастар мен 1997 жылғы және одан да кіші балалар арасында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера