Елордада жаңажылдық шырша өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.67
  • 592.46
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада жаңажылдық шырша өртенді

Елордада жаңажылдық шырша өртенді

Елордадағы Тұран даңғылы бойында орнатылған шырша отқа оранды.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 136
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәліметіне қарағанда, Тұран даңғылы бойындағы шыршаның өртенгені туралы ақпарат 25 желтоқсанда сағат 06:19 кезінде келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның кеңінен жайылуына жол берілмеді. Өрт 06:38-де өшірілді», — деді Руслан Иманқұлов.

Атап айтқанда, тілсіз жауды ауыздықтауға екі арнайы техника мен 10 адам жұмылдырылды.


«Бұл оқиғаға орай зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталуда», — деді ресми өкіл.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы мереке күндерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстануға шақырды.