Елордада жастар арасында «Тіл шебері - 2013» қалалық байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада жастар арасында «Тіл шебері - 2013» қалалық байқауы өтеді

Елордада жастар арасында «Тіл шебері - 2013» қалалық байқауы өтеді

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында елордада тұңғыш рет жастар арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан мәлім етті.

  • 17 Сәуiр 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген дарынды жастарды қолдау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, сондай-ақ, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас тілдерін жастардың меңгеру дәрежесін анықтау бағытында ұйымдастырылады.

Ереже бойынша 18 бен 25 жас аралығындағы кез келген ұлт өкілі мен кәсіп иесі байқауға қатыса алады.

Байқау 4 турдан тұрады. Олар: «Ұлттаным» — онда қатысушы тарих және қазақ халқының қайраткер тұлғалары туралы сұрақтарға жауап береді; «Мәдениеттаным» — балалар әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысындағы сауалдарға орыс тілінде жауап береді; «Елтаным» — мұнда қазақтың жері мен оның ұлан-байтақ аумағы жөнінде ағылшын тілінде жауап беру қажет. Ал, «Өнертаным» бұл — шығармашылық байқау — ән шырқалып, мәнерлеп өлең, монолог, қазақстандық отансүйгіштікті, бірлік пен халықтар достығын насихаттайтын өсиет сөздер оқылады.

Сонымен қатар алғашқы екі турда қатысушылар төрешілер алдына қазақ халқының ұлттық киімін киіп шығуы керек болса, үшінші турда классикалық үлгіде, ал төртінші турда өзінің шығармашылық нөміріне сай киімді еркін таңдауына болады.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын алған жеңімпаз маусым айының аяғында өтетін «Тіл шебері-2013» республикалық байқауында Астананың намысын қорғайтын болады.

Перейти к новостям спорта