Елордада жеңілдетілген жол жүру билеттерінің мерзімі ұзартылды
Елордада жолаушылар көлігінде жеңілдетілген жол жүру билеттерінің мерзімі 2013 жылдың соңына дейін ұзартылды. |
Елорданың ресми сайтының мәліметінше, биылғы жылы да Астана тұрғындары 2012 жылғы үлгідегі жеңілдетілген жол жүру билеттерін пайдаланатын болады.
Еске салайық, 2007 жылғы 17 қарашадағы елорда мәслихатының шешіміне сәйкес қаланың жолаушылар көліктерінде жеңілдетілген жол жүру құқығы мына санаттағы азаматтарға: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетке шыққандарға, мүгедектер мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, көпбалалы аналарға берілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін