Елордадағы ауа райы болжамы - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадағы ауа райы болжамы - Қазгидромет

Елордадағы ауа райы болжамы - Қазгидромет

Астанада жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

  • 11 Қараша 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz

Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, сәрсенбіге қарай жауын-шашын жауады. Түнде ауа температурасы -6; 0°C, күндіз +3+6°C болады.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы -4-6°C, күндіз +3+5°C болады», — деп хабарлады аstana.kz сайты.

Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы -1-3°C, күндіз +4+6°C болады.

Сәрсенбі күні ауа райы жауын-шашынды болады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз +4+6°C болады.