Елордадалық полицейлер 40-тан астам адам жиналған басқосудың үстінен түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадалық полицейлер 40-тан астам адам жиналған басқосудың үстінен түсті

Елордадалық полицейлер 40-тан астам адам жиналған басқосудың үстінен түсті

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде коттеджде ұйымдастырылған кеш тоқтатылды.

  • 14 Шiлде 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, операторға қоңырау түсіп, түн ортасында Сарайшық көшесінде белгісіз біреулер 50-ге жуық адам қатысқан кеш өткізгенін хабарлаған.

Іс-шараның барлық қонақтары аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
"Тексеру қорытындысы бойынша 42 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441 бабы бойынша (жеке қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін), 437 бабы бойынша (тыныштықты бұзғаны үшін), 440 бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келгені үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Қазақстанда тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін" бабы бойынша бір адам жазаланды", — деді құқық қорғау органдары өкілдері.

Жабық кешті 28 жастағы астаналық әйел ұйымдастырғаны белгілі болды. Полицияға ол бұрын санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың талаптарын бұзғаны үшін қызметі тоқтатылған елордалық кафелердің бірінде жұмыс істегенін айтты. Сол кезде қыз коттеджді жалға алып, келушілерді қабылдауға шешім қабылдаған, алдын ала әлеуметтік желілер арқылы іс-шара өтетін мекен-жайын жіберген.


"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, сондай-ақ гигиеналық нормативтер бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін жалға алушыға қатысты жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Нұр-Сұлтандағы тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", — деп қорытындылады елордалық полиция департаментінде.

Соңғы жаңалықтар