Елордаға 18 мыңға жуық орынды жатақхана қажет – вице-министр - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордаға 18 мыңға жуық орынды жатақхана қажет – вице-министр

Елордаға 18 мыңға жуық орынды жатақхана қажет – вице-министр

Елімізде студенттерді жатақханмен қамту жобасына 152 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылы жобаны іске асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігімен 1 млрд теңге қарастырылған, келесі жылдарға 14 млрд теңге шамасында қарастырылып отыр. 

  • 29 Сәуiр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, бұл үш жылдық бюджеттік кезеңнен тұратын жоба және қаржылық жағынан түгелдей қамтылған. 

«Жатақхана салудағы құрылыс бағасы мемлекеттік тапсырыспен қаралады. 1 орын 122 АЕК, шамамен 300 мың теңге тұрады. Қымбат тұратын қажетсіз жобалар қысқартылды. Құрылыс комитеті 3 типтік жобаны мақұлдады. Ол 120, 240 және 180 орынды жатақханалар. 500 орынды жобалардың орташа құны 800-900 млн теңге»,-деді ол. 

Сонымен қатар ол, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 636 орынды жатақхана қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. 

«Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 16 жер телімі бөлінді, 2 жобалық-сметалы құжаттар әзірленді және тағы бесеуі жасалу үстінде. 710 орынды 2 келісімшарт жасалды, сондай-ақ 4964 орынды 5 келісім жасалу үстінде»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ ол, ҚазМЗУ университеті бойынша жаңа жатақхананың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол 370 орынға есептелген әрі жыл соңына дейін тапсырылады.

«Үшінші тоқсанда 3 жатақхана қайта жөндеуден өтеді. Бұл басқару колледжі, Астана медициналық университеті. Сонымен қатар, Еуразиялық ұлттық университеті жатақханасының құрылысы басталады»,-деді ол.

Оның айтуынша, еліміз бойынша 90 мыңнан аса студентке жатақхана жетіспейді.

«Өткен жылы жобаны іске асыру алдында өңірлер бойынша сұранысты сараптап көрдік, қазіргі таңда ол 91 мың орынды құрап отыр. Олардың 68 мыңы ЖОО бойынша, ал колледждердегі сұраныс 23 мыңды құрап отыр. Анағұрлым сұранысқа ие болып тұрған ол Алматы қаласы, онда 31 мың орынды жатақхана қажет, Нұр-Сұлтан қаласына 17 мың, ал Шымкент қаласына 8,4 мың орын сұраныста. Көріп отырғандарыңыздай бұл жоғары оқу орындары мен колледждер көп орналасқан қалалар, сәйкесінше онда студенттер де көп»,-дейді Бибігүл Асылова.

Соңғы жаңалықтар