Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді
![]() |
Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар.
Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі.
Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті. Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін