Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді

Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді

Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады.

  • 20 Шiлде 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар.

Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі.

Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті. Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар