Елордалық акушер-гинеколог NIF$50K инновациялық бизнес жоспарлар байқауының жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық акушер-гинеколог NIF$50K инновациялық бизнес жоспарлар байқауының жеңімпазы атанды

Елордалық акушер-гинеколог NIF$50K инновациялық бизнес жоспарлар байқауының жеңімпазы атанды

Бүгін елордада еліміздегі инновацияны қолдау мақсатында өткізіліп келе жатқан NIF$50K республикалық инновациялық бизнес жоспарлар байқауының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

  • 13 Қараша 2012
  • 389
Фото - Caravan.kz

Шара барысында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин жеңімпаздардың есімін жария етті.

Сонымен бірінші орын «Босану үдерісін жеңілдететін төсек» жобасының авторы астаналық Марат Сүлейменовке бұйырды. Ә.Сұлтанғазиннің атап өтуінше, ежелден бері қазақ халқы әйелді тікесінен тік трғызып немесе жүресінен отырғызып босандырған. Соңғы жылдарда бұл үдеріс заманауи перзентханаларға да енгізілуде. Осы ретте жоба авторының туындысы босанушы әйелдің қалауына сай тік тұрып, жүресінен, жартылай отырып шалқалай жатып немесе төрт аяқтап тұрып босануына мүмкіндік береді әрі бұл туынды еуропалық баламаларына қарағанда 30 пайызға арзан. Жүлдегер 7,5 млн. теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болды.

Екінші орынды көкшетаулық Сағат Мұхамедин иеленіп, 2,5 млн теңге көлеміндегі қаржылай жүлдені лды. Ол өндірістік жылу алмастыру құбырларын қатты қалдықтардан тазарту технологиясын ұсынды. Жоба жылу энергетикасына ғана емес, сонымен бірге тамақ және химия өнеркәсібі саласы үшін де пайдалы.

Ал үшінші орын мен 1 млн. теңге көлеміндегі қаржылай жүлде Әділ Нысанов пен Сабыр Мұхамбетовке «Орта және төменгі жастағы балаларға арналған мультимедиялық білім беру жүйесі» жобасы үшін берілді.

Соңғы жаңалықтар