Елордалық «Астана жолбарыстары» Атыраудың «Барысымен» кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық «Астана жолбарыстары» Атыраудың «Барысымен» кездесті

Елордалық «Астана жолбарыстары» Атыраудың «Барысымен» кездесті

Баскетболдан Қазақстан біріншілігі аясында Астанада елордалық «Астана жолбарыстары» атыраулық «Барыс» командасымен қарымта кездесуін өткізді.

  • 28 Наурыз 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

Ойын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің спорт залында өтті.

Тартысты ойында «Барыс» 71:92 есебімен «Астананың жолбарыстарына» есе жіберді. Астаналықтар Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, ҚР Кубогының 4 дүркін иегері, сонымен қатар Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының қатысушылары болып табылады.

Қазақстанның XIX чемпионатының жартылай финалына жолдама алған «жолбарыстар» енді, алдағы сәуір айының 9-10 күндері қостанайлық «Тобылмен» кездеседі.