Елордалық балуандар белбеу күресінен ел чемпионатында командалық есепте үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық балуандар белбеу күресінен ел чемпионатында командалық есепте үздік шықты

Елордалық балуандар белбеу күресінен ел чемпионатында командалық есепте үздік шықты

Белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Астанада өткен Қазақстан чемпионатында елордалық балуандардың мерейі үстем болды.

  • 15 Қыркүйек 2010
  • 470
Фото - Caravan.kz


Екі күнге созылған бұл жарысқа еліміздің 9 аймағынан 109 спортшы қатысқан болатын. Онда ақмолалық А.Мұстафин (90 кг), атыраулық Н.Ыстыбаев (60 кг), павлодарлық Р.Демесінов (55 кг) пен Т.Сейілов (73кг), және астаналық С.Талайбек (81 кг), Э.Осконов (100 кг), Н.Алтынбеков (+100 кг) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Елорданың намысын бұл жарыста «Астана батыры» жекпе-жек клубының шәкірттері қорғаған болатын. Олар командалық есепте 4 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Павлодар облысы иеленді. Жүлделі үштікті Ақмола облысы түйіндеді. Ел чемпиондары енді Әлем және Азия чемпионатында өнер көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера