Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты

Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтан зардап шеккен он екі адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына да жеткізілді.

  • 27 Желтоқсан 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz


Оның ішінде біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген жолаушылар түрлі жарақаттар алған.

«Оқиға орнынан жедел жәрдем арқылы он екі адам жеткізілді. Барлығы ауруханаға жатқызылды. Барлығының жағдайы орташа. Оның ішінде бір науқастың жағдайы ауыр. Балтыр сүйектерінің сынуы және бас-ми шайқалуы бар. Қазір отаға дайындап жатыр. Науқастар көбіне аяқ-қол сүйектерінің сынуы, соғылуы, бас-ми шайқалуы негізінде жарақат алған. Барлығының жағдайларына байланысты ауруханада екі және он күнге дейін жатқызылуы мүмкін. Бізге түскендердің бәрі Қазақстан азаматтары. Науқастар 20 жастан 40 жасқа дейінгі кісілер», – дейді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігері Оңласын Төлегенұлы.