Елордалық дәрігерлер «Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясы аясында халықты алғашқы көмек көрсетуге үйретеді - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық дәрігерлер «Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясы аясында халықты алғашқы көмек көрсетуге үйретеді

Елордалық дәрігерлер «Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясы аясында халықты алғашқы көмек көрсетуге үйретеді

Елордалық дәрігерлер «Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясын өткізіп, оның аясында халыққа денсаулық мәселелері бойынша кеңестер беріп жатыр.

  • 14 Маусым 2011
  • 637
Фото - Caravan.kz

Мамандар қан қысымын өлшеп, алғашқы көмек көрсетуге үйретіп, контрацепция және т.б. мәселелер бойынша кеңестер беруде.

«Акция медициналық көмекті халыққа жақындату мақсатында өткізіліп отыр. 2011 жылдан бастап республикада скринингтік тексерулер жүйелі түрді өткізіліп келеді: мақсатты топтар жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша, глаукоманың, жатыр мойнының, сүт бездерінің қатерлі ісігі, қант диабеті ауруларының алдын алу мақсатында профилактикалық тексерілуге поликлиникаға шақырылады», — деп мәлім етті журналистерге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестіруші-дәрігері Жанат Алтаева.

Оның атап көрсетуінше, жоғарыда аталған аурулардың бәрі созылмалы инфекциялық емес ауруларға жатады. «Олардың бәрі адамның өмір сүру салты мен жағдайларына байланысты болғандықтан бір топқа топтастырылған. Оларды бастапқы кезеңде уақытында емдеп-жазуға болады, ал егер уақытында анықталмаса, олар мүгедектікке, тіпті өлімге алып келуі мүмкін», — деді Ж. Алтаева.

Дәрігердің айтуынша, қазақстандықтардың мұндай ауруларға шалдығуына негізінен темекі тарту, ішімдік ішу, шамадан артық салмақ жинау, холестериннің көптігі, қан қысымының жоғары болуы алып келеді.

Соңғы жаңалықтар