Елордалық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Елордалық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Елордалық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

  • 31 Қазан 2011
  • 635
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, бұған дейін ол жастар арасында шахматтан әлем чемпионы ретінде танылған. Д. Сәдуақасова осы спортқа 4 жасынан бастап бейімделген еді. 7 жасында 1-ші дәрежелі шахмат­шы атанып, 8 жасында спорт шеберлігіне үміткерлер қатарында болды. Кейін, 11 жасында халықаралық дәре­жедегі спорт шебері, 13 жасында халықаралық шахмат қауым­дастығының шебері атақтарын қанжығасына байлады. Осы жылдары әлемдік және отандық жарыстарда жүлделі орындардан табылған Д. Сәдуақасова — Грекияда өткен әлем чемпио­на­тында алтын алқаның иегері атанған болатын.

Жақында Халықаралық шахмат федерациясы оның кәсіби шеберлігі мен шахматтағы жоғары талабын ескере отырып, Польшада өткен конгресте Д. Сәдуақасованы әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері құрметіне лайық деп тапты.

Бүгінде жасы 15-ке енді ғана толған елордалық жас шахматшы Түркияда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына қатысып жатыр. Бұл атаулы сайыс 23 қазаннан бері өтуде. Әлем елдерінен 27 команда қатысып жатқан Шахмат олимпиадасында Қазақстан намысын Әлібек Игембергенов (Орал), Жанат Сайын (Павлодар), Әділет Зауренбеков (Астана), Аян Ахметов (Астана) және Динара Садуақасова (Астана) қорғап жатыр. Жарыс қорытындысы бүгін белгілі болады деп күтілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера