Елордалық офтальмологтар көздің көру қабілетін қалпына келтірудің жаңа әдісін игерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық офтальмологтар көздің көру қабілетін қалпына келтірудің жаңа әдісін игерді

Елордалық офтальмологтар көздің көру қабілетін қалпына келтірудің жаңа әдісін игерді

№2 қалалық ауруханада алғаш рет қалалық стационар деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек - «витрэктомия» әдісі енгізілді.

  • 26 Қазан 2015
  • 661
Фото - Caravan.kz

Витрэктомия («витреум» — латын тілінен аударғанда шыны тәріздес дене; «эктомия» — жою) — өзгеріске ұшыраған шыны тәріздес денені жоюға арналған операцияның түрі. Осы уақытқа дейін емі жоқ деп келген көз торы мен шыны тәріздес дененің ауруларын емдеуге осылайша мүмкіндік береді.

Витрэктомия операциясы кірпікті дененің тегіс бөлігінде, көздің сыртқы мөлдір қабығы мен торына үш кішкентай тілік жасау арқылы жүзеге асады. Осылайша құралдарды енгізу тор қабығы мен көзбұршақты зақымдаудан сақтайды.


«Бұл замануи витреоретиналды хиругиялық әдістің бір ғана негізгі міндеті — көз торы мен шыны тәріздес дененің асқынған паталогиясында жанардың көру қабілетін қалпына келтіру. Аталмыш әдіс ағымдағы айдан бастап қолданысқа енді. Осы уақытқа дейін үш науқасқа ота жасалды. Олардың жағдайлары жақсы, үйлеріне шығарылған», деп хабарлайды Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
2 3

Соңғы жаңалықтар