Байқауға 3 жастан 18 жасқа дейінгі орта және мамандандырылған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысады.
«Аталған байқаудың мақсаты — балалардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру», — деп мәлімдейді Оқушылар сарайынан.
Қатысушыларға көркем жұмыстар үшін: «Астана — арман қала», «Тәуелсіз Қазақстан», «Отаным — алтын бесігім», «Астана — болашақ қаласы», «Қазақстан — 2030» бірнеше тақырыбы ұсынылады .
Суреттер Оқушылар сарайының галереясына қойылып, сол жерден қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.