Елордалық отбасы ұлының қазасына дәрігерлерді айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық отбасы ұлының қазасына дәрігерлерді айыптауда

Елордалық отбасы ұлының қазасына дәрігерлерді айыптауда

Астанада кезекті медициналық жанжал! Елордалық отбасы «дәрігерлердің салғырттығынан 1 жарым жастағы баламыздан айырылдық» деп зар жылап отыр. Ата-ананың айтуынша, дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен сәбиді ақ халаттылар қабылдамай, 3 сағат бойы дәлізде күттіріп қойыпты. Дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, бала шетінеп кеткен.

  • 8 Қазан 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Әділханның ең сүйікті ойыншығы мына кішкентай машина болған екен. Бүлдіршін көлігін аулада әрі-бері сүйрегенді жақсы көріпті. Енді бұл ойыншықтар иесіз қалды.

Міне, кішкентай аты болған. Осыны қолынан тастамайтын. Сосын кішкентай бір күшік иті болды. Өзі сияқты томпақ.

Әділхан өте белсенді және бұрын-соңды ауырмаған екен. Тек соңғы үш күнде балғынның аяқ асты дене қызуы қатты көтерілген. Ата-анасы  ұлдарын құшақтап ауруханаға барғанымен, үш сағат дәлізде телміріп отырыпты. Дауласып жүріп өлім аузында жатқан баласын ішке алып кіргенімен, бәрі де кеш болатын.

Нұржан Жаншаев, марқұм баланың әкесі:

— Реанимациядағы дәрігерлер жүрегі тоқтағаннан кейін баламдыкы жүрек ауруы деді. Одан фиброэластоз деді, одан кейін қаны ұйып қалды деді. Ал кесуге бергеннен кейін қаны сұйық деді. Ешқандай пневмония да, жүрек ауруы да жоқ. Жәй детский ОРВИ деп айтты. Бір-бірімен қарама-қайшы сөздері.

Таңғаларлығы, дәрігерлер үш түрлі диагноз қойып, қандай ем көрсетерлерін білмей сасқан. Айдын күннің аманында баласынан айырылып ата-анаға мән-жайды түсіндірудің орнына ақ халаттылар айғай салып  кабинеттерінен қуып шығыпты. Тіпті туылғалы ауырмаған Әділханның жүрегінде ақау бар деп, ақырында анықтамаға сәби жұқпалы инфекциядан  шетінеді деп жазып берген.


Сайран Жамұқова, Астанадағы №2 балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Түскенін, қайтқанын растаймыз. Қазір ішкі тексеріс жүріп жатыр. Ішкі тексеріліс біткеннен кейін анық ақпарат бере аламыз.

Қазір бұл оқиғаға қатысты Астанадағы балалар ауруханасында тексеру басталды. Бір жарым жастағы ұлынан айырылған ата-ана денсаулық сақтау министрі мен прокуратураға да шағым түсіріп қойды. Ал салғырттық танытқан дәрігерлерді сотқа беру үшін тиісті құжаттарын әзірлеп жатыр.