Елордалық спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камерасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камерасы табылды

Елордалық спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камерасы табылды

Спорт кешені әкімшілігі ерлердің киім ауыстыру бөлмесіндегі камераның уақытша орнатылғанын айтты

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 162
Фото - Caravan.kz

Астана спорт кешендерінің бірінде ерлердің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камералары пайда болды, деп хабарлайды Sputnik.

Елордалық бассейнге барған Мирас Шекенов Желіде наразылығымен бөлісіп, кешен әкімшілігіне сауал қойды.

"Көпшілік бассейнге барғанды жақсы көреді, бірақ тыр жалаңаш камераға түскісі келмейтін шығар? Киім ауыстыру бөлмесінде душқа кіреберісте бақылау камераларын орнату – шектен шыққандық! Бұл ерлер бөлмесінде, әйелдер бөлмесінде бар-жоғын білмедім. Камераның қауіпсіздік шарасы екені түсінікті ғой, бірақ көкейде екі сұрақ туындайды: моралдік-этикалық жағын айтпағанда, бұл заңға сай ма? Түсірілген "кино" жарияланып кетпейтініне кім кепіл?" – деп жазады Мирас Шекенов.

"Алатау" спорт кешенінің өкілдері Шекеновқа ескерту үшін алғысын айтып, камераны орнатуға мәжбүр болғандықтарын түсіндірді.

"Ерлердің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камераларын орнату оңай болған жоқ, бірақ сондай шара қолдануға мәжбүр болдық, өйткені келушілердің жеке затын тонау жайттары көбейіп кетті. Шкафтарға берік құлып салу туралы кеңестердің қарша борайтынын ескеріп, алдын ала сіздерді сендіргіміз келеді: бұл ең дұрыс әрі жалғыз шешім болды, барлық жауапкершілікті мойнымызға аламыз", — деп жауап берді "Алатау" өкілдері.


Спорт кешені әкімшілігі түсіндіріп өткендей, бейнебақылау жүйесіне тек "Алатау" СК басшысы орынбасары ғана кіре алады, ал негізгі мониторда бұл камераның видеосы көрінбейді.

"Алатау" өкілдері айтқандай, кешенде бейнебақылау бар екенін ескертетін жазбалар бар.

Жақын арада қосымша жазбалар ілініп, келушілердің бағалы заттарына арналған арнайы шкафтар орнатылған соң, камералар да алынып тасталатын болады.

Соңғы жаңалықтар