Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Екібастұзда тұратын қыз астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен алып беруге уәде еткен. Бірнеше ай бойы ол тауарды үнемі жеткізіп отырған. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде ол әртүрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен тауар ұсынатын көптеген топтар құрған.
Жеткізу ауқымы iPhone телефондарынан бастап ыдыс-аяққа дейін, үлкен болған. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін, әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.
Сарыарқа ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтқан. Күдікті алдын-ала төлемді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбей, әйел бірден алаяққа 31 млн теңге аударып жіберген. Бір айдан кейін тауарын ала алмаған жәбірленуші полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта полицияға алаяққа алданған үш кәсіпкер арызбен жүгінген. Осыған ұқсас схема бойынша 50-ге жуық азамат алданған, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, басқалардың ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
"Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.