Елордалықтар арасында сырқаттану деңгейі төмендеген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалықтар арасында сырқаттану деңгейі төмендеген

Елордалықтар арасында сырқаттану деңгейі төмендеген

Дәрігерлер елордалықтар арасында сырқаттану деңгейінің төмендегенін белгілеуде.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығынан хабарлады.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың 11 айы ішінде алғаш тіркелген сырқаттар саны өткен жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға азайды. Бұл ретте, елорда тұрғындары арасында науқастанудың төмендеуі аурудың барлық түрлері бойынша тіркелді.

Мәселен, астаналықтардың қан айналымы жүйесінің сырқаттарымен қаралуы 20 пайызға азайды, соның ішінде жүректің ишемиялық аурулары — 56 пайыз, қан қысымының жоғарылауы — 13,2 пайыз.

Дәрігерлер туберкулез бен психикалық ауытқуларға шалдыққандарды сәйкесінше 21,3 пайызға және 2 пайызға, қатерлі ісіктерді — 1 пайызға, жыныс жолдарымен берілетін сырқаттары барларды — 47 пайызға, анемиямен — 9,2 пайызға аз тіркеді.

Бұл ретте, аталған сырқаттардан болатын өлім көрсеткішінің азайғаны да байқалды. Мәселен, қан айналымы жүйесінен көз жұмғандар саны — 22 пайызға, туберкулезден — 25,5 пайызға, қатерлі ісіктерден 10 пайызға азайды.

Мамандардың пікірінше, елордалықтардың денсаулық жағдайын жақсартуға ұдайы жүргізілетін скринингілік тексерулер септігін тигізді.