Осы кеште күйші шығармаларын домбырашы Ақбота Тұрымбетова орындайды.
Айта кету керек, Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылғы 25 наурызда қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген. 1986-1988 жылдарда Мәскеу қаласында Жоғары дирижерлік курста оқыған. Туған халқына өшпес мұра қалдырған дарын иесі.
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші-домбырашы, талантты композитор Қаршыға (Қаршымбай) Ахмедияров өткен жылы маусым айында 65 жасқа қараған шағында дүние салды.