Жарияланды: 360

Елорданың 20 жасар тұрғыны үй-күйсіз адамды өлтірген

Елорданың 20 жасар тұрғыны үй-күйсіз адамды намысына тиетін сөздер айтқаны үшін өлтіріп кеткен, деп мәлім етті Астана ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз.

«16 маусым күні таңғы сағат 4-те Астана ІІД оперативті басқару орталығына тұрғын үйдің жанынан зорлап өлтіру белгілері бар 50-55 жастағы түрі еуропалық ер адамның денесі жатқаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында өлген азаматтың кім екені анықталды. Ол Астанада тұрақты тұрағы жоқ Ақмола облысының тумасы болып шықты», - деді Н. Ораз сейсенбі күні брифингте. ІІД мәліметтеріне сәйкес, Астана ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері оперативті-іздеу шаралары барысында бұл қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстанның 20 жасар азаматын ұстады. «Тергеу барысында ол өзіне бейтаныс адам намысына тиетін сөздер айтқанын, осы себепті қорғану мақсатында өзімен бірге үнемі алып жүретін пышақпен әлгі адамды жарақаттағанын айтты», - деді Н. Ораз. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа ҚР ҚК 96 бабы бойынша айып тағылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін