Елорданың әкімі митингілер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорданың әкімі митингілер туралы айтты

Елорданың әкімі митингілер туралы айтты

Бұған дейін ішкі істер министрілігі 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні рұқсат етілмеген акциялардың 55 қатысушысы ұсталғанын хабарлаған болатын

  • 18 Желтоқсан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Елорданың әкімі Алтай Көлгінов қалада Тәуелсіздік күні өткен митингке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізде ДВК-ға* (Қазақстанның демократиялық таңдауы — Sputnik Қазақстан) заң бойынша тыйым салынған. Сіздер оны жақсы білесіздер. Сондықтан бұл заңсыз митинг болды. Оның белсенділері әкімдікке митинг өткізуге өтініш хат жолдаған жоқ. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын", — деді Көлгінов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрілігі 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні рұқсат етілмеген акциялардың 55 қатысушысы ұсталғанын хабарлаған.

"16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырылды. Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар арандатушылыққа ұшырап, заңсыз акцияларға қатысты. Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді", — делінген салалық ведомство мәліметінде.


Ресми ақпарат бойынша Нұр-Сұлтанда ондаған азамат Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді.

*Қазақстанның демократиялық таңдауы (ДВК) – Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым.