Күн сайын жедел қызметтің әлеуметтік патрулі кешкі рейдтерге шығып, белгілі тұрағы жоқ адамдарды орталыққа жеткізеді. Әлеуметтік орталықтың түнгі қабылдау бөліміне күн сайын 10-15 адам жеткізіледі екен.
Күн райы бұзылған жағдайда Мекеме қызметкерлері өз жұмыстарын күшейте түседі.
Еске салайық, «Белгілі тұрағы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» ММ елордада аталған санаттағы адамдардың бірқатар кешенді мәселелерін (әлеуметтік, тұрмыстық және медициналық) шешу үшін 2001 жылы құрылған. Орталық адамдардың маргиналды тобына жататындарды жұмысқа орналастыруға, құжаттарын қалпына келтіруге, бұрынғы тұрғылықты мекен-жайы бойынша отбасына қайтып оралуға көмек көрсетіп, ықпал жасайды.