Елорданың денсаулық сақтау жүйесінде шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорданың денсаулық сақтау жүйесінде шу шықты

Елорданың денсаулық сақтау жүйесінде шу шықты

Елорданың денсаулық сақтау жүйесінде шу шықты. 7-ші қалалық емханада қаралып жүрген жүкті әйел баласын жоғалтып, құрсағында  шетінеген сәби өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Қазір медициналық мекеме жұмысын құзырлы органдар тексеруге кірісті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 601
Фото - Caravan.kz

Сәрсембай мен Динара тұңғыштарын қуана күткен. Бәрі ойдағыдай болу үшін емханада тұрақты түрде қаралып та жүрген. Жүктіліктің бесінші айында жас ананың ыстығы көтеріліп, Динара дәрігерлердің нұсқауымен, дәрі ішпей, бір ай бойы шөппен емделді. Тұмауы жазылса да, қаны кете бастады. Ультрадыбыстық зерттеу сәбидің мерт болғанын көрсетті. Ең үрейлісі сол,  әйел өз баласының мәйітін құрсағында беймәлім уақыт көтеріп жүрген.  

Динара Ералиева:

— Қашан шетінегенін білейік десек, олар айтады, баланың еш нәрсесін бере алмаймыз деп. Бала шіріп кеткен, басы жоқ, екі аяғы мен екі қолы жоқ, тек қана  қабығын  сараптамаға жібере аламыз деді.

Динара ауруханада оған көмектің тиісті деңгейде көрсетілмегенін айтады. Қансырап келгенде, гинекологы Дариға Бимендина қабылдау уақыты аяқталды деп,науқастың бетін қайтарған. Келіншекке жедел жәрдемді үйден шақырып, өзге емдеу мекемесінде дереу түсік жасатуға тура келді. Ал нәресте өлімінің нақты себебін әлі күнге дейін ешкім айта алмай отыр.

Сәрсембай Нақыпбеков, Динараның жолдасы:

— Бастығының айтып отырған сөзі анау: «сатып алам бәрін!». Сонда ақшасы барлар — адам, ақшасы жоқтар адам емес пе?!Елордада осындай болып жатқанда, басқа ауылдық жерлерде не болып жатыр?!
Оны бір құдайдың өзі біледі!

Оқиғадан кейін 7-ші емханада қызметтік тексеру жүргізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Динараның қанында генетикалық ауытқулар анықталған, бұл баланың дұрыс жетілуіне кедергі еткен. Дегенмен мекеме қызметкерлерінің қателігі жоқ емес. Науқасты бақылаған үш бірдей дәрігер оған дұрыс көңіл бөлмеген көрінеді. 

 Жаңалық Сағандықов, Астанадағы №7 емхананың бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

— Бір дәрігер екінші дәрігермен сабақтас болмады.  Сосын Бимендина деген  дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды, тағы екі дәрігерге де сөгіс жарияланды.

Емхана тергеушілердің жіті назарына алынды. Қазір Ішкі істер департаменті мен прокуратура мамандары дәрігерлерден түсініктеме алуда. Бірақ оларды жауапқа тарту үшін әуелі медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті өзінің сараптамалық түйінін шығаруы тиіс. Аталмыш жұмыс бір айдың ішінде өткізілмек.

Ал баласыз қалған ерлі-зайыптылар кемінде бір жарым жылдай күтуге мәжбүр. Бұл уақыт аралығында болашақ ана денсаулығын қалпына келтіруі керек. Алайда ақ халатты жандарға сенуден қалған Динара астаналық емханаға барудан бас тартуда. 

Соңғы жаңалықтар