31 шілдеден бастап №14 жол бойынша Абай даңғылынан Бигельдинов көшесіне дейінгі аралықта автокөліктер үшін қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды astana.kz.
Сонымен қатар Бигельдинов көшесі бойымен №14 жолдан Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықтағы жол «Кенесары-Күмісбеков-Сарыарқа көшелерінің шектесуінде инженерлік жүйелер мен А, Б слободка жобалау ауданының жолдарын салу. Орамішілік жолдар құрылысы» 1 учаске» жобасын жүзеге асыру аясында жабылады.
№14 жол бойынша жоба аясында жолдарды қайта салу жүргізіліп, Бигельдинов көшесі бойында нөсер кәрізі бар жол салынады. Жолды ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашу жоспарланып отыр.