Бүгін түнгі сағат 01:00-де №1 перинаталдық ауруханада Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Олжас пен Арайлым Мұхамедиярдың отбасында үлкен қуаныш. Тұңғышы дүниеге келді. Елорда əкімі Əсет Исекешов елордаға қуаныш сыйлаған отбасыға пәтер кілтін табыстады.