«Бұған дейін қала маңы аймағына 16-17 елді мекен кірген болатын. Кез келген қаланың төңірегінде қала маңы аймағы болуы керек. Бұл оның болашақта дамуы үшін қажетті резервтік территория болып табылады», — деді ол.
Оның атап өтуінше, қала маңы аймағының шекарасы жол жүру уақыты 2 сағаттан аспайтын радиуста орналасуы қажет. Сонымен елорданың қала маңы аймағына Целиноград, Шортанды, Аршалы аудандарының бірқатар елді мекендері кіріп отыр.